Жақия Сәрсенов атындағы білім беру гранты бағдарламасы

Жақия Сәрсенов атындағы білім беру гранты бағдарламасы


1.    Бағдарлама мақсаты


1.1.    Оқу үлгерімі жақсы, одан әрі білім алуға талпысыны бар тұрмыс жағдайы төмен интернат және балалар үйінің түлектеріне қолдау көрсету;
1.2.    Бағдарламаға қатысу үшін тұрмыс жағдайы төмен, балалар үйі және балалар интернаты мекемелерінің тәрбиеленушілері шақырылады;
1.3.    Білім беру гранты арнайы іріктеу конкурсы арқылы анықталып, қатысушының қажеттілігіне қарай, академиялық білімі мен үлгерімін, жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып тағайындалады;
1.4.    Білім беру гранты қор тарапынан толық оқу үдерісіне бөлінеді;
1.5.    Білім беру гранттарының саны мен өлшемі әр жылы арнайы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің шешімімен анықталады.


2.    Жалпы ережелер


2.1.    Қоғамдық қор Жақия қайырымдылық қорының (бұдан әрі қор) білім беру гранттары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына талапкер мекеме түлектеріне тағайындалады;
2.2.    Білім беру гранттарына бағдарлама талаптарына сай түлектер үміткер бола алады.  Бағдарламаға қатысуға Қазақстан азаматтары  шақырылады;
2.3.    Іріктеу кезінде балалар интернаты мекемелерінің түлектері үшін жеңілдіктер қарастырылған;
2.4.    Іріктеу кезеңі 2 турдан тұрады:
1 – тур – алғашқы іріктеу қор басшысына тапсырылған құжаттар негізінде талқыланады. 1 – тур нәтижесі бойынша финалистер тізімі айқындалады;
2 – тур – Қамқоршылық кеңестің финалистерді талқылауы және растауы. Конкурсқа қор қызметкерлері мен кеңес мүшелерінің туыстарына қатысуға мүмкіндік берілмейді;
2.5.    Бағдарлама аясында түлектер нәсіліне, жынысына, азаматтығына, дініне, т.б. белгілері бойынша ажыратылмайды. Конкурс жеке құндылықтарға негізделген және негізгі талаптарға сай келетін барлық түлектер үшін ашық.


3. Үміткерлерді іріктеу талаптары


3.1. Білім беру грантын алу үшін талапкерлер  Жақия қайырымдылық қорына өтініш тапсыруы тиіс. Өтініш түрі, іріктеу талаптары және керек құжаттар тізімі жағдайда көрсетілген. Білім беру грантына өтініш тапсырған түлектер үміткерлер қатарына қосылады;
3.2.  Үміткерлер өтінішін талқылау кезінде Қор белгілі талаптарға сүйенеді:

  • Коммуникативті және әлеуметтік білім негіздеріне қанық болу. Білім беру гранттарына үміткерлер адамдармен қарым – қатынас орнату, өз ой – пікірін жазбаша және ауызша анық  білдіре алу қабілеті мен білім алу кезіндегі жағдайын өз бетінше ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ие болуы тиіс. Көшбасшылық қабілет артықшылығын айқындайды.
  • Академиялық білімдері. Іріктеу комиссиясы үміткердің білімі мен академиялық қабілеттерін орта білімі туралы аттестат пен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нәтижесі негізінде бағалайды.
  • Жеке мінездемелері. Сонымен қатар іріктеу комиссиясы грант иеленушілердің болашақта кәсіби мақсатына жету жолын анықтау үшін жеке тұлғалық ерекшеліктеріне аса назар аударады. Үміткерлер моральді – этикалық қасиеттерді игеріп, көпшілік ортада сыйлы болуы тиіс.
3.3.    Іріктеу талаптары:
  • Қаржылық жағдайы.
  • Балалар интернаты мекемелерінің түлектері (растау құжаттары көрсетілген жағдайда артықшылықтары айқындалады)
  • Академиялық білімдері.
  • Білім алу мекемесінен ұсыныстардың болуы.
  • Қоғамдық және әлеуметтік өмірге араласуы.


4.Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар тізімі


4.1. Кокурсқа қатысу үшін үміткер тапсыруға тиіс құжаттар:

  • Толтырылған өтініш нұсқасы. Өтініш нұсқасын фондтың сайтынан жүктеп алсаңыз болады.
  • Автобиографиялық эссе.  Эсседе үміткердің мықты және әлсіз тұстары, мақсат – мүдделері мен сабақтан тыс қызығушылықтары (А) , неліктен осы бағдарлама бойынша білім алуға өтініш жазғаны және келешекте оны қалай жүзеге асыратындығы жайында (Б) толық мазмұндалуы тиіс. Эссе 2 – 3 беттен тұрып, үміткер өзі жазуы керек.
  • Орта білім туралы аттестаттың көшірмесі. Егер үміткерге әлі орта білім туралы аттестат табысталмаған жағдайда,  9 – 10 – 11 сынып аралығындағы оқу үлгерімі табелінің көшірмесін өткізсе болады. Егер 2 турға өту мүмкіндігіне ие болса, орта білім аттестат көшірмесі алынған соң міндетті. Көшірмелер мектептің көк мөрімен растталуы тиіс.
  • Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) нәтижесі расталған сертификат көшірмесі.
  • Ұсыныс хаттар.
  • Диплом, сертификат, мақтау қағаздарының көшірмесі. (Болған жағдайда).
  • Жеке басын растау туралы құжат көшірмесі. (Төлқұжат, туу туралы куәлік).
  • Балалар интернаты мекемесінің анықтама түпнұсқасы. (Балалар интернаты мекемесінің түлек - үміткерлері үшін).
  • Отбасы мүшелері туралы анықтама.
  • 18 жастан жоғары отбасы мүшелерінің әр-қайсысына Жол Полиция Басқармасынан алынған көлік құралы болуы болмауы туралы анықтама.
  • Отбасының кәмелетке жеткен әр мүшесіне 12 ай мерзімінен кем емес ауқыты бойынша жеке зейнеткерлік шотының көшірмесі.
  • Отбасында мүгедектер болған жағдайда ДЕСК (дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясы) шешімінің көшірмесі.
  • Ата-анасы зейнеткерлік жасқа жетуі немесе мүгедек зейнеткері болған жағдайда зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.
  • отбасы толық емес үміткерлерге осы деректі дәлелдейтін құжатты тапсыру керек (ажырасу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы куәлік).

5. Құжаттарды дұрыс толтыру және тапсыру ережелері


5.1.  Егер жалған ақпарат/құжат тапсыру әрекеті анықталған жағдайда кез келген үміткер тізімнен алынады.
5.2. Құжаттарды қазақ не орыс тілінде немесе көрсетілген тілдерге ресми аудармамен тапсыруға болады.
5.3. Құжаттарды ламинаттауға және  түптеуге болмайды.
5.4. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ!
  5.5. Өтініш толтыру:

  • Өтініш нұсқасының барлық сұрақтарына жауап берілуі тиіс. Толтырылмаған бағана қалдырмаңыз!
  • Мүмкіндігінше ізденушінің барлық жетістіктері көрсетіліп жазылуы тиіс.
  • Аты – жөні төлқұжатта/жеке куәлікте көрсетілгендей жазылуы тиіс.
  • Барлық байланыс ақпараттары көрсетілуі тиіс: ел немесе тұрғылықты аймақ коды (үй және жұмыс телефондары, ұялы телефоны, электрондық поштасы, факс, пошталық мекен – жайы).
5.6  Барлық ақпараттар электронды немесе көк  түсті сиямен жазылып,     құжаттар іс – қағазына тіркелуі тиіс.
5.7. Өтініш және қосымша құжаттарды Қордың поштасына "Білім беру гранттарына" деген атаумен жіберуге немесе  жеке мекемеге тапсыруға болады.
5.8.  Қор құжаттардың пошта арқылы не басқа да тапсырылу жолына жауап бермейді. Құжаттар электрондық пошта не факс арқылы қабылданбайды.
5.9.  Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі:  ағымдағы жылдың 26-ші тамызына дейін

6. Конкурс өткізу мерзімі


6.1. Білім беру гранттары ережелерінің расталуы мен іріктеу өткізудің үдерісі, гранттардың саны мен өлшемі Қамқоршылық кеңес отырысында ағымдағы жылдың 15 – ші қаңтарына дейін талқыланады.
6.2. Білім беру гранттары жайлы хабарландырулар ағымдағы жылдың 31 – ші мамыр айына дейін шығарылады.
6.3. Білім беру гранттарына өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 26-шы тамызына, сағат 23:59 дейін.
6.4. Қамқоршылық кеңестің білім беру гранттарына нақты үміткерлерді растау мерзімі ағымдағы жылдың 30 - ші тамызына дейін.
6.5. Білім беру гранттарын нақты иеленуші түлектердің (бұдан әрі – грантиеленуші) тізімі ЖОО – на қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін анықталады.
6.6. Грантиеленушілердің нақты шешімі туралы хабарландыру ағымдағы жылдың 31 – ші тамызына дейін. Қор білім беру гранттарына үміткерлерді қандай негіздерге сүйеніп таңдағандығы туралы түсініктеме беруге тиіс емес. Қор басшысы жоғарыда көрсетілген мерзімдерді дұрыстауға құқылы.

7. Грант берілу шарттары


7.1. Білім беру грантын Грантиеленуші иемденген және ЖОО – ға сәтті түскен жағдайда Қор Грантиеленушімен және ЖОО – мен келісімшартқа отырады.
7.2. Білім беру гранты транш есебімен толық бір жылға төленеді.
7.3. Білім беру гранты тек ЖОО – да оқу мерзіміне ғана төленеді. Академиялық демалыс не оқудан шығарылған жағдайда төлем жүйесі тоқтатылады.
7.4. Қор Грантиеленуші туралы  ЖОО – дан барлық  өзгерген мәліметтер мен құжаттарды талап ете алады. Қор тапсырылған ақпараттарды тексеруге құқылы.
7.5. Қор ЖОО – ға түсу туралы сұрақтарға ақпараттар мен ақыл – кеңестер таратпайды.
7.6. Білім беру гранты келесі шығындарды өтейді:
 Егер Түлек  ЖОО – ға мемлекеттік грант (не басқа оқу ақысын төлеу міндетінен босатар жағдайда) негізінде түссе, Қор түлекке шәкіртақы төлейді. Шәкіртақы мөлшері конкурс нәтижесі бойынша жеке тағайындалып, ЖОО – дағы барлық оқу мерзімінде төленеді.
Егер Түлек ЖОО – ға ақылы негізде (келісімшарт бойынша) түсетін болса, Қор Түлектің оқу ақысын төлейді.
7.7. Қор отбасы Грантиеленушінің отбасы мүшелеріне қаржылай көмек көрсетпейді.
7.8. Грантиеленушілердің міндеттері:
•    Грантиеленушілер қабылданған ЖОО – ның барлық академиялық стандарттарын ұстануы және толық оқу курсын бағдарлама аясында өтуі тиіс.
•    Грантиеленушілер қоғамдық өмірге белсенді араласып, әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, көрсете білуі тиіс.
•    Оқу жылының аяқталғанда жыл сайын 1 – ші шілдеге дейін Қорға оқу үрдісі, ЖОО - да қоғамдық жұмысқа араласуы  және т.б. әрекеттері жайында жазбаша есеп тапсыруы тиіс.