«Күлкі сыйла» стоматологиялық көмек бағдарламасы

"Күлкі сыйла" стоматологиялық көмек бағдарламасының ережесі


1.    Бағдарлама мақсаты

1.1.    Бағдарламаның мақсаты қорғаусыз тұрғындар тобы балаларының денсаулықтарын қорғау мақсатында инвестиция түрінде әлеуметтік көмек көрсету (стоматологиялық қызметтер).
1.2.    Бағдарламаға жетім, қамқоршысыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен балаларға арналған мекемелер қатыса алады. Сонымен қатар жекелей көрсетілген санаттағы өкілдер де қатыса алады.
1.3.    Стоматологиялық емдеу – профилактикалық процедуралары барлық емдеу мерзіміне Қормен төленеді.
1.4.    Оқу орындары мекемесінің саны, шығын өтеу аумағы жыл сайын Қордың Қамқоршылық кеңесімен анықталады.

2.    Жалпы ережелер

2.1.    Жақия қоғамдық қайырымдылық қорының медициналық стоматологиялық қызмет негізіндегі көмегі Қазақстан Республикасының балалар үйіндегі, мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы балаларға тағайындалады.
2.2.    Өтініш берген немесе аталған қызметтің қажеттілігі туралы ресми хат жолдаған мекемелер стоматологиялық қызмет иеленуге үміткер бола алады.
2.3.    Бағдарлама берілген талаптарға сай барлық мекемелер үшін ашық.

3.    Қатысуға қажетті құжаттар тізімі

3.1.    Бағдарламаға қатысу үшін тапсырылуы тиіс:
•    Аталған қызметтің қажеттілігі туралы ресми хат.
•    Балалар тізімі.

4.    Мерзімдер

4.1.    Өтініштер жыл бойында қабылданады.
4.2.    Жауабы 10 күндік жұмыс уақыты ішінде жіберіледі. Қор басшылығы көрсетілген мерзімді дұрыстауға құқылы.


5.    Стоматологиялық қызмет көрсету шарттары


5.1.    Қызмет көрсету расталған жағдайда Қор мен Қайырымдылық иеленуші арасында қайырымдылық көмек көрсету туралы келісімшарт жасалады.
5.2.    Қызмет көрсету ақысы өзара әріптестік туралы келісімшарт жасалған медициналық орталықтағы қызметтердің нақты деректеріне сай төленеді.
5.3.    Қор Қайырымдылық иеленуші туралы барлық өзгерген мәліметтер мен құжаттарды талап ете алады.Қор тапсырылған ақпараттарды тексеруге құқылы.
5.4.    Стоматологиялық қызметтер келесі шығындарды өтейді:
•    Ортодонтикалық қызметтер, микропротездеу, тіс жегіні емдеу;
•    Мерзімді медициналық тексерілу, пластиналар алмастыру, брекеттер шешу және т.б.;
•    Келісімшартта көрсетілген басқа да қызметтер;
5.5.    Тәрбиеленушілердің қызмет көрсету мекемесі мен кейін қайту трансферті Қор есебінен қамтамасыздандырылады.
5.6.    Міндеттері:
•    Трансферт кезінде және қызмет көрсету кезінде тәрбиеленушілер өмірлерінің қауіпсіздігі мен денсаулықтарына жауапты Балалар үйінің уәкілетті қызметкерінің жетекшілігінде болады;
•    Қайырымдылық иеленушілер дәрігердің барлық өкіміне сай бақылауды қамтамасыздандыруы тиіс;
5.7.    Бақылау және мониторинг:
•     Қор барлық процедуралар мамандарына бақылау жүргізіп, үнемі мониторинг шығарып отырады;
•    Бюджет ашықтығы қамтамасыздандырылады. Қор Бағдарлама бойынша шығындар туралы ақпараттарды көруге  мүмкіндік береді;