Оқу орындарына қолдау бағдарламасы
1. Бағдарлама мақсаты
1.1. Бағдарламаның мақсаты "Жақия" қоғамдық қайырымдылық қорының, бұдан әрі Қор, мемлекеттік білім беру мекемелерінің әл -ауқатын қамтамасыздандыру және балалардың жақсы білім алуына адресті материалдық көмек көрсету болып табылады.
1.2. Бұл бағдарламаға Алматы қаласындағы және облысындағы Балалар үйі, сонымен қатар Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтөбе ауылындағы орта мектеп қатыса алады.
1.3. Оқу орындары мекемесінің саны, шығын өтеу аумағы жыл сайын Қамқоршылық кеңестің шешімімен анықталады.
2. Жалпы ережелер
2.1. Қайырымдылық көмек адресті мақсатты қайырымдылық көмек негізінде Қазақстан Республикасындағы балалар үйі тәрбиеленушілерін, аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын Қазақстанның белсенді азаматтары етіп тәрбиелеуге, оларда жағымды құндылықтар мен ұлтжандылықты қалыптастыруға, азаматтық қасиеттерін айқындауға талаптандыруға бағытталған.
2.2. Адресті қайырымдылық көмек қажеттілігі туралы ресми хат жолдаған білім беру мекемелері бағдарламаға үміткер бола алады;
2.3. Бағдарлама осы Ереженің 1.3 пунктіне сәйкес және барлық талаптарға сай мекемелер үшін ашық.
3. Қатысуға қажет құжаттар
3.1. Бағдарламаға қатысу үшін тапсырылуы тиіс:
• Аталған қызметтің қажеттілігі туралы ресми хат.
• Балалар тізімі.
• Қаржыландыру мақсатында тауар жеткізушілерден, жұмыстар мен қызметтерден бағалық ұсыныстар. (2 – ден кем емес).
4. Мерзімдер
4.1. Өтініш/хат тапсыруға шектеулер көрсетілмеген.
4.2. Жауабы 10 күндік жұмыс уақыты ішінде жіберіледі. Қор басшылығы көрсетілген мерзімді дұрыстауға құқылы.
5. Көмек көрсету шарттары
5.1. Қызмет көрсету расталған жағдайда Қор мен Қайырымдылық иеленуші арасында қайырымдылық көмек көрсету туралы келісімшарт жасалады немесе Қордан көмек көрсетуді растау хаты беріледі.
5.2. Тауар мен қызметтер ақысы тауар/жұмыс/қызметтер көрсететін тауар жеткізушіге тікелей не қаржылай көмек алған Қайырымдылық иеленушінің есеп шотына қызметке төленген қаржы туралы нақты есептеріне сәйкес аударылады.
5.3. Қор Қайырымдылық иеленуші туралы тауар/қызметтерге қатысты барлық өзгерген мәліметтер мен құжаттарды талап ете алады.Қор тапсырылған ақпараттарды тексеруге құқылы.
5.4. Оқу орындарын қолдау бағдарламасы келесі шығындарды өтейді:
• Ғылыми – әдістемелік, әдеби кітаптар, оқулықтар алу және балалар басылымдарына жазылу;
• Түрлі іс – шаралар, акциялар, кокурстар өткізу;
• Балаларға сыйлықтар, азық – түліктер, киім – кешектер т.б. алу;
• Оқу орнындағы жөндеу және жақсарту жұмыстарын жүргізу;
• Спорттық құрал – жабдықтар мен емдік препараттар алу;
• Келісімшартта не растау хатта көрсетілген басқа да қызметтер;
5.5. Қайырымдылық иеленушінің міндеттері:
• Қайырымдылық иеленушілер иеленген тауарлар/қызметтерге ұқыптылықпен қарау керек;
• Көрсетілген тауар/қызметтерді Қайырымдылық иеленушілердің тәрбиеленушілері жеке мақсаттарында қолдануы тиіс;
5.6. Бақылау:
• Қор бағдарламаға сай көрсетілген тауарлар/қызметтердің нақты қабылдануын және есебін қабылдау – жіберу актілері арқылы тексеруге, сонымен қатар тауарлар/қызметтердің мақсатты қолданылуын және қаражатын қадағалауға құқылы;